ШҚО-да қатты аяз салдарынан мектептерде сабақ болмайды

Фотография - ШҚО-да қатты аяз салдарынан мектептерде сабақ болмайды

Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі өңірдің бірқатар елді мекендерінде мектептерде сабақ болмайтыны туралы хабарлады.

404 0

Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі өңірдің бірқатар елді мекендерінде мектептерде сабақ болмайтыны туралы хабарлады.

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Зырян қаласында 1-ші, 2-ші ауысымдарда оқитын 1-11 сынып оқушылары, колледждер мен лицейлердің І, ІІ курстың студенттері үшін сабақ болмайды (қаладағы ауа температурасы -34 градус). 

Сондай-ақ Қатонқарағай ауданында 1-ші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары (-30 градус), Күршім ауданында - 1-ші және 2-ші ауысымдарда оқитын 1-9 сынып оқушылары (-34), Семей қаласында 1-ші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары, колледждер мен лицейлердің І, ІІ курс студенттері (-30), Тарбағатай ауданында 1-ші, 2-ші ауысымдарда білім алатын 1-9 сынып оқушылары (-32), Бородулиха ауданында 1-ші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін (-28) сабақ тоқтатылды.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?