385

Астанада 12 мың көлiкке арналған автопаркинг салу жоспарлануда

Фотография - Астанада 12 мың көлiкке арналған автопаркинг салу жоспарлануда

Астанада 12 мың көлiкке арналған паркингтер салу жоспарлануда. Бұл туралы "ҚазАқпарат" агенттiгiнiң жолдаған ресми сауалына Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасынан хабарлады.

Қазiргi уақытта көпқабатты паркингтердiң құрылысы жоспарланған 118 жер телiмi белгiлендi (олардың тiзiмi сайтта жарияланған). Бұның алдында көпқабатты үйлерде паркингтердiң құырылысына бөлiнген 36 жер телiмi өзге нысандардың құрылысына пайдаланыла алмайды.

"Аталмыш шешiмдi жүзеге асыруға инвесторлар тартылады. Осы шара жақын болашақта 12 001 көлiк орнын құруға мүмкiндiк бередi", - делiнген басқарманың "ҚазАқпарат" агенттiгiне берген жауабында.

Айта кету керек, бiрде-бiр құрылыс компаниясы қоғамдық және тұрғын үйлер салу барысында көлiктерге арналғаг паркингтердi қарастырмаса, құрылыс нысанын жобалап, оны салуға кiрiсе алмайды. Сонымен қатар паркингке деп бөлiнген жер телiмiне басқа нысандарды сала алмайтын болды.

Елорда билiгiнiң ақпараты бойынша, 2014 жылы Астанада 3 153 көлiкке арналған жабық автопаркингтер пайдалануға берiлдi.

Загрузка...