Алматы қаласында 953 үй апатты жағдайда тұр

Фотография - Алматы қаласында 953 үй апатты жағдайда тұр

Қазіргі таңда Алматы қаласында «Ескі тұрғын үйлерді сүру» бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарлама негізінде 55 тұрғын үй сүріліп, орнына жаңа үйлер бой көтерді

436 0

Қазіргі таңда Алматы қаласында «Ескі тұрғын үйлерді сүру» бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарлама негізінде 55 тұрғын үй сүріліп, орнына жаңа үйлер бой көтерді. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Ашық әңгіме» бағдарламасында Алматы қ. Құрылыс басқармасының басшысы Мәди Отарбаев мәлімдеді.

 «Алматы қаласында апатты жағдайда тұрған 953 үй бар. Бұл үйлер 1930 жылдары салынған болатын. «Ескі тұрғын үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша рет-ретімен жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 55 үй сүріліп, олардың орнына жаңа үйлер салынып жатыр. Бағдарлама бойынша қаламыздың Түрксіб, Бостандық және Алмалы аудандарында жұмыстар іске асуда», - деді Отарбаев.

Оның айтуынша, 2020 жылға дейін қаламыздағы барлық ескі үйлер сүріліп, жаңа нысандар пайдалануға берілуі тиіс.

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?