438

Қарағанды облысында 77 жастағы зейнеткер полицияға әскери гранатасын тапсырды

Қарағанды облысында Абай ауданы Топар кентінің 77 жастағы тұрғыны «Ф-1» маркалы гранатаны полицияға тапсырды.
Фотография - Қарағанды облысында 77 жастағы зейнеткер полицияға әскери гранатасын тапсырды

Қарағанды облысында Абай ауданы Топар кентінің 77 жастағы тұрғыны «Ф-1» маркалы гранатаны полицияға тапсырды.

3 ақпанда Абай ауданы Топар полиция бөлімшесіне 77 жастағы зейнеткер келіп, гараждан тауып алған гранатаны тапсыруға шешім қабылағанын айтқан. «Ф-1» әскери гранатасы болса да, жарылу қаупі жоқ болып шықты, себебі оның кейбір бөлшектері жоқ», - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде факт ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді, алдын ала тергеу жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалды.

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...