7 мыңға жуық әскери қызметкер баспаналы болды

Фотография - 7 мыңға жуық әскери қызметкер баспаналы болды

2009-2014 жылдар аралығында 7 мыңға жуық әскери қызметші отбасы тұрғын үйлі болды. Тұрғын үймен қамтамасыз ету – қазақстандық әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі болып саналады деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

515 0

2009-2014 жылдар аралығында Қазақстанның түрлі қалалары мен өңірлерінде күрделі құрылыс арқылы, күрделі жөндеуден өткен және сатып алу арқылы 6 336 пәтер (оның ішінде, 63 арендалық), 273 пәтерлік 201 коттедж пайдалануға берілді.

Осындай шаралардың арқасында 6 609 әскери қызметші мен олардың отбасылары өмір сүру үшін жайлы жағдайлар жасалған тұрғын үйлермен қамтамасыз етілді.

Естеріңізге сала кетсек, келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасқан әскери қызметші тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне тұрады. Тұрғын үймен қамтамасыз етілгенше оларға жалға алуға арналған ақшалай өтемақы төленеді. Сонымен қатар, әскери қызметшіге отбасымен тұру үшін қызметтік баспана беріледі. Алайда, әскери қызметтен шыққан жағдайда (жекешелендіру құқығы болмаса) қызметтік баспана қайтарылады. 

baq.kz

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?