Қазақстанда сирек кездесетін орақтұмсық 2015 жылдың құсы болып жарияланды

Фотография - Қазақстанда сирек кездесетін орақтұмсық 2015 жылдың құсы болып жарияланды

Қазақстандық биоалуандықты сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) Қазақстанның құстарды қорғау одағымен бірлесе отырып, жыл құсын таңдады. 2015 жылы бұл мәртебеге орақтұмсық ие болды. Бұл туралы аталған қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлады.

568 0

Қазақстандық биоалуандықты сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) Қазақстанның құстарды қорғау одағымен бірлесе отырып, жыл құсын таңдады. 2015 жылы бұл мәртебеге орақтұмсық ие болды. Бұл туралы аталған қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Орақтұмсық Орталық Азияда ғана тіршілік етеді. Оның тұрқы қарғаның көлеміндей, орақ тәрізді ұзын ашық қызыл тұсті тұмсығымен ерекшеленеді, кеудесінде қара жолақ бар. Орақтұмсық шектеулі тараған құс түрі ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елімізде ол Солтүстік және Орталық Тянь Шань мен Жоңғар Алатауының биік шыңдарында тіршілік етеді.

Бұл құс әдетте теңіз дейңгейінен 2000-3000 биіктіктегі тау өзендерінің аңғарына, өзен қолтықтары мен аралдарға ұя салады. Мұндай аумақтар Қазақстанда көп емес, сондықтан да орақтұмсық сирек кездесетін құстардың бірі - бізде құстың небәрі бірнеше ондаған жұбы ұя салады. Құс өзінің ұясының маңында қыстап шығадаы, күшті аяздарда өзеннің төменгі ағысымен тау етегіне дейін төмен түседі.

Орақтұмсық бейнесі 2015 жылы тамыз айында Алматыда өтетін XIV Халықаралық Солтүстік Еуразия орнитологиялық конференциясының эмблемасы болады. Шараны бірқатар қазақстандық және ресейлік ұйымдар ұйымдастырғалы отыр.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?