Тасмағамбетов Алматы облысында қаза болған ұшқыштардың отбасыларына пәтер кілттерін тапсырды

Фотография - Тасмағамбетов Алматы облысында қаза болған ұшқыштардың отбасыларына пәтер кілттерін тапсырды

302 0

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов 2014 жылғы 23 қыркүйекте Алматы облысы Жаңалық аулының маңайында авиациялық апатқа ұшыраған Су-27 ұшағының  қаза тапқан экипажының жесірлеріне пәтер кілттерін табыс етті. деп хабарлайды Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 

«Мағрипа Сарқынова мен Любовь Горбуноваға Ақмола өңірлік гарнизоны тұрғын үй комиссиясының шешімімен екі және үш бөлмелі пәтерлер берілді»,-делінген хабарламада.

 

«Біз бейбіт тұрғындарды аман сақтап қалу үшін өз өмірлерін қиып, нағыз ерлік жасаған офицерлерді құрметпен еске аламыз. Олардың есімдері осы ерліктеріне риза болған миллиондаған қазақстандықтардың жүрегінде мәңгіге сақталып қалатын болады», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы қыркүйекте Алматы облысында оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-27 әскери ұшағы құлаған болатын. Подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтан тұратын ұшақ экипажы ұшақты елді мекеннен аулаққа алып кету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

 

2014 жылғы желтоқсан айында Мемлекет басшысының Жарлығымен жауынгерлік және қызметтік борыштарын орындау кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов қаза тапққаннан кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған болатын. Наградаларды ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің қолынан офицерлердің аналары – Риза Бекенқызы мен Татьяна Александровна алды

 

newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?