Алматыда кәсіпкерлерге «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсету орталығы ашылады

Фотография - Алматыда кәсіпкерлерге «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсету орталығы ашылады

Алматыда жақын уақытта кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Артур Котёнев мәлім етті.

1028 0

Алматыда жақын уақытта кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Артур Котёнев мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл орталық «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін болады.

«Мұндай орталық әзірге тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана жұмыс істеп жатқаны белгілі. Енді міне, Алматы қаласында да ашылады. Оған деген сұраныс үлкен. Мұнда әдеттегідей «Бір терезе» қағидасы қолданылады. Яғни, орталыққа лицензия бойынша, құрылыс салуға рұқсат алу немесе басқа да мәселемен келген кәсіпкер, құжаттарын тек бір терезеге ұсынып, дәл сол жерден нақты жауап алатын болады», - деді А.Котёнев.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер бұрынғыдай жан-жаққа жүгіріп сабылмайды, табалдырық тоздырмайды. Бұл шараның қалада бизнес ахуалдың жақсаруына септігін тигізетіндігі сөзсіз. Қазір Палатаның штаты ұлғайтылды. Орталықты өзіміздің немесе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ғимаратында ашуымыз мүмкін. Жақын уақытта ол туралы арнайы тұсаукесер рәсімі өтеді.

Сонымен қатар Артур Котёнев кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын бүкіл республика бойынша ашу Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоспарында бар екендігін жеткізді. Алматыдан кейін мұндай орталық Астана қаласында ашылады.

 

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?