Арқа төрінде өсірілген раушан гүлдер Ресей нарығында сұранысқа ие

Фотография - Арқа төрінде өсірілген раушан гүлдер Ресей нарығында сұранысқа ие

Арқа төрінде өсірілген раушан гүлдер Ресейде нарығында сұранысқа ие. Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің Степногор қаласына кезекті жұмыс сапары барысында айтылды.

627 0

Арқа төрінде өсірілген раушан гүлдер Ресейде нарығында сұранысқа ие. Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің Степногор қаласына кезекті жұмыс сапары барысында айтылды. 

Степногордегі "Құнарлы" ЖШС елімізге гүл атасы - раушан гүл өсірумен танымал. Бүгін күні мұндағы жылыжайда голландық технология бойынша раушан гүлінің бірнеше түрі өсіріліп, саудаға шығарылуда. Серіктестіктің бас директоры Фатима  Ілиясова гүл өсіру технологиясымен бөлісті. 

Оның айтуынша, бұл голландық технология мейлінше аз аумақтан мол өнім жинауға негізделген. 

"Көшеттерді минералды талшық матаға отырғызамыз. Оның артықшылығы өскін тамырындағы өзгерістерді толық бақылауда ұстап, оның жедел жетілуіне қатысты амал-тәсілдерді тез анықтап, қолдануға мүмкіндік беруінде. Судың өзін әуелі тазартып, сосын жаңбырлатып емес, тамшылатып суарылады. Жылыжайда қыс айларындағы Арқаның 40 градус аязына қармастан жыл бойы үздік өнім алынуда. Осы бағытта 60 адам еңбек етуде. Бүгінгі таңда тәулігіне 12 мың гүл алып отырмыз. Өнімді еліміздің барлық өңірлерімен қатар, көрші Ресейдің Омбы және Новосібір қалаларына шығарамыз. Ол жақта біздің раушан гүлдерге сұраныс жоғары. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру жоспарда бар", - дейді Фатима  Ілиясова.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?