Астаналық 50 зейнеткер шаңғы жарысына қатысты

Фотография - Астаналық 50 зейнеткер шаңғы жарысына қатысты

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаңғы сайысына 50 астам астаналық ардагер мен зейнеткер қатысты. Жыл сайынғы жарысқа қатысушылар биыл да спорттық құлшыныстарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

343 0

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаңғы сайысына 50 астам астаналық ардагер мен зейнеткер қатысты. Жыл сайынғы жарысқа қатысушылар биыл да спорттық құлшыныстарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Бес жыл көлемінде өткізіліп келе жатқан бұл жарыс жақсы дәстүрге айналды. Бүгінгі сайыстың басты мақсаты - ардагерлер мен зейнеткерлердің денсаулығына көңіл бөлу. Өзіміз үлгі көрсетіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз», - деді қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Есболат Дүйсенов.

Шаңғы жарысына Астананың үш ауданының ардагерлері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы сайыста Людмила Старых көш бастады. Ал ерлер арасында бірінші орынды Леонид Антонов пен Василий Кучин бөлісті. Жалпыкомандалық есепте «Сарыарқа» ауданы үздік деп танылды. Екінші орынға «Есіл», сәйкесінше үшінші орынға «Алматы» ауданының ардагерлер құрамасы тұрақтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?