383

Рұқсат етілмеген жерге көлігін қойған 32 алматылық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда жүргізілген рейдтің алғашқы сағаттарында-ақ рұқсатсыз жерге қойылған 32 көлік айып тұрағына жіберілді.
Фотография - Рұқсат етілмеген жерге көлігін қойған 32 алматылық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда жүргізілген рейдтің алғашқы сағаттарында-ақ рұқсатсыз жерге қойылған 32 көлік айып тұрағына жіберілді.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімшілік полиция инспекторлары көлік көп шоғырланған базар, сауда үйлері, әкімшілік ғимараттардың маңайын тексерді. 

Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлерімен 40 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 32 көлік айып тұрағына қойылды.

«Мұндай рейдтер қаладағы автомобиль ағынының реттеліп, жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетіне оң ықпал етпек», - деді қалалық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков.

 

ҚазАқпарат

Загрузка...