Алматы жолдарындағы 10 экологиялық бекет жаңа «Көлік инспекторы» кешенімен жабдықталады

Фотография - Алматы жолдарындағы 10 экологиялық бекет жаңа «Көлік инспекторы» кешенімен жабдықталады

Алматы жолдарындағы 10 экологиялық бекет жаңа «Көлік инспекторы» ақпараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталады. Бұл туралы бүгін қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

491 0

Алматы жолдарындағы 10 экологиялық бекет жаңа «Көлік инспекторы» ақпараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталады. Бұл туралы бүгін қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазіргі таңда азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқығын қорғауда ақпараттық технологиялардың ролі үлкен. Осы мақсатта Алматы қаласының Ішкі істер департаменті жолдардағы 10 экологиялық бекетті жаңа «Көлік инспекторы» аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықтауды көздеп отыр. Әзірге мұндай кешен тәжірибелік мақсатта тек бір бекетке орнатылды. Бұл жаңа кешен бүкіл көліктер легі бойынша әртүрлі ақпараттарды тіркейді. Мысалы, көлік жүргізушісінің құжаттарының дұрыс-дұрыс еместігі, қарызының бары-жоқтығы туралы ақпарат автоматты түрде шығарылып отырады» - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ІІД тағы бір жаңа «Парк Райт» аппараттық-бағдарламалық кешенінің жұмыс істеу механизмін зерттеуде. Ол патрульдік көліктерге орнатылады және жолда орын алған ережелерді автоматты түрде тіркеп, автоматты түрде хаттама толтырып шығарады. Яғни, бұдан былай полиция қызметкері хаттама толтырып жатпайды.  

Одан басқа, қазіргі таңда жол қозғалысын қамтамасыз етуге арналған «КРИС-П» фоторадарлық көшпелі кешенінің тиімділігі тексерілуде.  

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?