Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туы көтерілді

Фотография - Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туы көтерілді

Алматыдағы Достық үйінде өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туы салтанатты түрде көтерілді.

1433 0

Алматыдағы Достық үйінде өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туы салтанатты түрде көтерілді.

Мәдени шараға қалалық мәслихат депутаттары, этно-мәдени ұйымдардың басшылары, қала әкімі Ахметжан Есімов, қала тұрғындары, БАҚ өкілдері, жастар қатысты.

«Қазақстан халқы Ассмаблеясы жылының басталуы» синхрон-акциясы бір мезетте Астана, Алматы және өзге де өңірлерде өткенін атап өтуіміз керек.

Қала әкімі Ахметжан Есімов тұрғындарды мерекемен құттықтай отырып, Мемлекет басшысының құттықтау хатын жеткізді:

«Қымбаты отандастар, бүгін елімізде менің Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ресми ашылып, басталды. Жыл ортақ құндылықтарымыз - тәуелсіздік, егемендік, бірлік, бейбітшілік пен  келісімді сақтауға арналған. Осыдан 20 жыл бұрын 1995 жылдың наурызында қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт құру туралы  Жарлыққа қол қойдым. Осы уақыт аралығында Ассамблея шынайы, жалпы халықтық, азаматтық, саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйым ретінде танылды. Конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгін ҚХА еліміздегі бар ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астында топтастыратын маңызды құрылымға айналды. Ассамблея жылы - 17 млн қазақстандықтың ортақ мерекесі. Еліміздің әр азаматы бейбітшілік пен келісімді сақтауға жауапты екенін сезінуі керек. Биыл «Қазақстан 2050» стратегиясындағы мақсаттарға жеткізген нақты істер мен жетістіктер жылы болады. Біз «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» деп аталатын Жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін іске асыруға тырыстық. Ассамблея жылы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы сияқты оқиғаларға толы. Бұл жыл ортақ тағдыр мәңгілікке біріктірген, халық бірлігін паш ететін жыл. Басты идеясы менің елім - мәңгілік ел. Ассамблея жылының басталуымен құттықтаймын», - деді қала әкімі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған құттықтауын оқи отырып.

Бүгін Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы жылының Туы салтанатты түрде көтерілді.

Ассамлея жылы туын  көтеруге Олимпиада чемпиондары Владимир Смирнов пен Майя Манеза, әлем чемпионы Назым Қызайбай шақырылды.

Мәдени шара халық бірлігін нығайту, Мемлекет басшысының саясаты мен идеясы төңірегінде бірігу, «Қазақстан-2050» стратегиясындағы, 2020 жылға дейінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасындағы   мақсаттарға жету, «бір ел - бір халық» мемлекеттік принципін жүзеге асыруға бағытталған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялаған болатын.

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды.

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті.

2014 жылдың 18 сәуірінде Ассамблеяның XXI сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. 

 

 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

ту ҚХА

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?