674

Оңтүстік Корея дәрігерлері Астанада шеберлік дәрістерін өткізіп жатыр

Елорданың №1 ауруханасында Тэгу қаласы Фатима ауруханасының мамандарынан құралған арнайы делегация шеберлік дәрістерін өткізіп жатыр
Фотография - Оңтүстік Корея дәрігерлері Астанада шеберлік дәрістерін өткізіп жатыр

Елорданың №1 ауруханасында Тэгу қаласы Фатима ауруханасының мамандарынан құралған арнайы делегация шеберлік дәрістерін өткізіп жатыр. Шеберлік дәрістері Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен Тэгу (Оңтүстік Корея) қаласының мэриясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының оқу-клиникалық орталығында шет елдердің ең білікті дәрігерлері мен мамандарының қатысуымен осы саладағы басым бағыттар бойынша шеберлік дәрістер өткізіледі. Атап айтқанда, анестезиология-реаниматология, травматология, ортопедия, онкология, колопроктология, балалар нефрологиясы және т.б. Сонымен қатар, Сеул ұлттық университетімен, Оңтүстік Кореяның KHIDI, Woman Medical Park және басқа да алдыңғы қатарлы медициналық орталықтармен меморандумдар жасалды.

Кореялық мамандардың қатысуымен өтетін осындай шаралардың басты мақсаты - елордалық денсаулық сақтау жүйесін зерттеу, сондай-ақ, Оқу-клиникалық орталық, Астана қаласының №1 ауруханасы және Тэгу қаласы Фатима ауруханасының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болып табылады.

Бүгін қалалық №1 аурухана базасында «Колопроктология» және «Ортопедиялық хирургия» тақырыптары бойынша семинарлар өтті. Ертең шетелдік денсаулық сақтау мамандары қалалық онкологиялық диспансер және Оқыту-клиникалық орталықтың жұмыстарымен танысады деп күтілуде.

 

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...