Жазушы Герольд Бельгер көз жұмды

Фотография - Жазушы Герольд Бельгер көз жұмды

Бүгін Алматыда күндізгі сағат 13:00 шамасында Орталық клиникалық ауруханада 81 жасына қараған шағында жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы Герольд Бельгер қайтыс болды

418 0

Бүгін Алматыда күндізгі сағат 13:00 шамасында Орталық клиникалық ауруханада 81 жасына қараған шағында жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы Герольд Бельгер қайтыс болды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне жазушының отбасы мәлімдеді. Марқұммен қоштасу рәсімі қашан өтетіні әзірге белгісіз.     

Бельгер Герольд Ресейдің Саратов облысында 1934 жылы 28 қазанда дүниеге келген.

1941 жылы Сталиннің жарлығымен КССР-дағы барлық немістермен бірге Қазақстанға, қазақ ауылына (СҚО Ысқақ Ыбыраев ауылы) жер аударылды. Бұл жерде жас Герольд қазақ тілін үйренеді.

Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауылында қазақ орта мектебінде оқыды. Мектепті алтын медальға аяқтаған. 

Абай атындағы Қазақ педагогика институтын және аспирантурасын тәмамдады. Шығармаларын неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазған.

1958-1960 жылдары - Жамбыл облысы Байқадам кеңшарының орта мектеп мұғалімі. 1963-1964 жылдары - «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері. 1964 жылдан шығармашылық жұмыста болған. 1992 жылдары неміс тілінде шығатын «Феникс» альманахы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.  

«Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тас өткел», «Бауырластықтың жанды бейнесі», «Созвучие», «Уақытпен бетпе-бет», «Мотивы трех струн», «Гете и Абай», «Родство», «Земные избранники» зерттеу еңбектерінің, жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25-ке жуық жинақтардың авторы.  Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, тағы басқа қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшадан орыс  тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер, тағы басқа неміс ақын, жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды.  

Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлықтың, Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының, сондай-ақ Қазақстан ПЕН-клуб сыйлығының иегері. «Парасат» орденімен марапатталған. 

 

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?