865

А.Баталовтың Талдықорған қаласын көркейту мақсатында аралау жұмыстарын өткізді

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы көрнекі-үгіт құралдары, ақпараттық жарнамалар мен олардың орнатылу конструкцияларын, қаладағы жарықтандыру мен көркейту мәселесін және санитарлық тазалық жағдайларын анықтап, көру мақсатында облыс орталығын аралады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотография - А.Баталовтың Талдықорған қаласын көркейту мақсатында аралау жұмыстарын өткізді

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы көрнекі-үгіт құралдары, ақпараттық жарнамалар мен олардың орнатылу конструкцияларын, қаладағы жарықтандыру мен көркейту мәселесін және санитарлық тазалық жағдайларын анықтап, көру мақсатында облыс орталығын аралады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аралау жұмыстарын аэропорттан бастаған облыс әкімі А.Баталов алдағы уақытта мұндағы жарық беру қондырғыларын үлкейтуді, сонымен қатар, ондағы ғимарат алдындағы алаңның екі жақ бетіне өзіміздің өңірге қатысты үлкен ауқымды мағыналы жазбасы бар ақпараттық көрнекі-үгіт құралын орналастыруды тапсырды.

Қалада орналасқан көрнекі-үгіт құралдарын көру жұмыстары барысында бірқатар кемшіліктер, тозығы жеткен ақпараттық қондырғылардың бар екендігі анықталды.

Осының негізінде облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласының бас архитекторы Қаби Баулықовқа және қала әкімінің барлық орынбасарларына облыс орталығындағы көрнекі-үгіт құралдарының конструкциялық қондырғыларына баса назар аударып, оларды белгілі бір дизайннан ауытқымай, жаңа заманауи үлгіде әзірленіп, орнатылуын тапсырды. Сонымен қатар қаланың бірқатар жерлерінде орнатылған жаңа роллерлік электронды тақталардың ашық, тұрғындарға көрнекті жерлерде орнатылуын тапсырды.

Қала тұрғындарының демалыс орны «Арбатпен» жүріп өткен облыс әкімі сынған электр шамдары, майысқан, сынған орындықтар, өсіп, қуарып кеткен ағаш бұтақтарының көшенің сәнін кетіріп тұрғанына баса назар аударды.

-.«Арбат» қала тұрғындарының көптеп жиналатын орны. Мұнда жастарда, орта буын өкілдері де, тіпті қарт адамдар да демалуға келеді. Біз олардың барлығының демалуына қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Ал олар осындай сынған шамдар мен майысқан орындықтардың арасында қалай демалмақ? Бұл жерлердегі жарық беру шамдарын тез арада ауыстыру қажет. Өздеріңіз көргендей электр жарығын біреулер ұрлап, бюджет қаражатын иемденіп жатыр. Осылардың барлығын қолға алу керек. Кез-келген тұлғаның өзінің ақпараттық қондырғыларын орнатуда заңға сәйкестілігін анықтау қажет. Жеке меншік және мемлекет тарапынан орнатылатын билбордтардың барлығы да белгілі бір заң талаптарын сақтап, орналастырылуы тиіс. Көрнекі-үгіт құралдарының ескіргенін лезде ауыстырып, тақырыптық мазмұннан ауытқымауына баса назар аударыңыздар. Билбордтар қондырғының бір жақ бетіне орнатылған, екінші жақ беттері ашық. Темір қаңқалары көрініп тұр. Сөйтіп қаланың сәнін кетіруде. Бұл кемшіліктерді бір апта ішінде жоюды тапсырамын», - деді облыс әкімі А.Баталов.

Қаладағы Тәуелсіздік пен Шевченко көшелерінің қиылысындағы аялдама артында жиналып қалған қоқыс үйінділері де қала әкімдігі қызметкерлеріне сын айтуға алып келді.

Облыс әкімі А.Баталов аралау жұмыстарының соңында, қаланы көркейтуге шаһар тұрғындарының барлығы өздерінің жауапты екендігін түсінуді, бір шаңырақ астында тұратындығымызды, қаланы көріктендіру мен оны таза ұстау өзіміздің қолымызда екендігін жеткізіп, осыған мұқият болуды тапсырды.

Сонымен қатар, облыс әкімі көрнекі-үгіт құралдарында үстіміздегі Ассамблея жылына қатысты тақырыптық материалдарды да қолдануды тапсырып, келесі аптаның соңында қаланы аралауға тағы шығатындығын жеткізді.

Загрузка...