Франция делегациясы жұмыс сапарымен ШҚО келді

Фотография - Франция делегациясы жұмыс сапарымен ШҚО келді

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Францияның Алматыдағы Бас консулы Патрик Ренар бастап келген француз делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

390 0

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Францияның Алматыдағы Бас консулы Патрик Ренар бастап келген француз делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Кездесу барысында меймандарға Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды. Д. Ахметов ШҚО жан-жақты өнеркәсіптік және аграрлық саладағы аймақтың жетістігін айта отырып, серіктестікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды. «ШҚО өнеркәсіптік және аграрлық секторда үлкен әлеуетке ие. Әлемде өндірілетін титанның 17 %-ы ШҚО тиесілі. Атомдық энергетиканы жолға қоюда бірқатар ірі жобалар бар. Сондықтан, екі елдің серіктестігін нығайту арқылы нәтижелі жұмыс жүргізуге толық мүмкіндігіміз бар», – деді Д.Ахметов.

Кездесуде сондай-ақ, ШҚО мен Лион қаласының екіжақты серіктестігін дамыту мәселесі талқыланды.

Бағдарлама бойынша Франция делегациясы 8-10 ақпан аралығында Өскемен қаласының жарық фестивалі өткізілетін нысандарды, Риддер қаласы мен Глубокое ауданын аралап, ШҚО шаңғы демалыс базалары баруы жоспарланған. Сонымен қатар, меймандар А.С.Пушкин кітапханасына барып, француз оқырмандар залында франкфондармен кездесу өткізбек.

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?