Сарыағаш ауданында қоғамдық ахуал тұрақты

Фотография - Сарыағаш ауданында қоғамдық ахуал тұрақты

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында қоғамдық ахуал тұрақты, барлық құрылымдар қалыпты жағдайда жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

798 0

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында қоғамдық ахуал тұрақты, барлық құрылымдар қалыпты жағдайда жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.  

Аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, қалыптасқан жағдайды түсіндірді және тұрмыстық кикілжің салдарынан Ынтымақ ауылының тұрғыны Б.Артықовтың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарының атқарылу барысынан хабардар етті.

Бұның алдында хабарланғандай, Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының құқық қорғау органдары бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысты күдікті ретінде Бостандық ауылының тұрғыны Н.Нарметов 7 ақпан күні Өзбекстан Республикасының аумағында ұсталып, сол күні Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД тергеу оқшаулағышына қамалды. Осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын ҚР ІІМ жетекші мамандарынан құрылған арнайы тергеу тобы айналысуда. Жергілікті атқарушы органдар прокуратура өкілдерімен бірлесе тұрмыстық кикілжің салдарынан Ынтымақ ауылының тұрғыны Б.Артықовтың өлімінен кейін қоғамдық тәртіпті бұзған жастар арасында профилактикалық шараларды атқарды. Зиялы қауым өкілдері және ауыл ақсақалдарының қатысуымен оқу орындары мен қоғамдық орындарда тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде бірлесе жұмыс жүргізу және заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу керектігі жөнінде кездесулер ұйымдастырылып, өткізілуде. Тәжік диаспорасының ақсақалдары мен жастары марқұмның үйіне келіп көңіл айтты. Қазіргі таңда Сарыағаш ауданындағы елді мекендерде жағдай толықтай тұрақтандырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?