925

Маңғыстау облысында 424 отбасы жаңа пәтердің кілттеріне ие болды (ФОТО)

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» арқылы «Қолжетімді тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау қаласы 32 «А» шағын ауданында құрылған 400 пәтерлік 8 үй пайдалануға берілді.
Фотография -  Маңғыстау облысында 424 отбасы жаңа пәтердің кілттеріне ие болды (ФОТО)

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» арқылы «Қолжетімді тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау қаласы 32 «А» шағын ауданында құрылған 400 пәтерлік 8 үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысының баспасөз қызметі.

- Өткен жылы Маңғыстау облысында 587 мың шаршы метр үй табысталды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 492 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. Биылдың өзінде «жас отбасыларға» арналған 60 пәтерлік 2 үй, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» арқылы барлық санаттағы адамдар үшін 32 «А» шағын ауданнан 120 пәтерлік 1 үй, «Аққу» шағын ауданынан 2-ші кезеңінде барлығы 747 пәтерді тапсыру, және жергілікті атқарушы орган кезегіндегілер үшін 120 пәтерлік 3 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Одан бөлек мемлекеттік бағдарлама аясында «Аққу» шағын ауданының 3 кезеңінде тұрғын үй құрылыстарын салу және 34 шағын ауданнан 60 пәтерлік 6 үйдің құрылыс жұмыстарын бастау да жоспарланып отыр. Біз барлық маңғыстаулықтарды қол жетімді және сапалы тұрғын үйлермен барынша қамтамасыз етуіміз керек, - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Дәл осы күні Қарақия ауданы Мұнайшы ауылында да 24 отбасыға жаңа пәтердің кілттері табысталды. Төрт қабатты көп пәтерлі үй «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» арқылы бағдарлама қатысушыларына арналған 120 және 670 пәтерлік екі үйдің құрылыстарын аяқтау жоспарланып отыр. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы, аймақтар мен ірі агломерацияларды дамытуға мүмкіндік берген, өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы кешенді Бағдарламасының бөлігі болды.

2014 жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезектегілерге арналған жалдамалы үйдің құрылысына 500 млн. теңге, жас отбасыларға арнап 200 млн. теңге, несиелі үйге 4290 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылысқа 2786,1 млн. теңге бөлінді.

Кезектегілерге арналған тұрғын үй аясында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы 48 пәтерлі тұрғын үйдің, Бейнеу ауданы Бейнеу селосындағы алты 4 пәтерлі тұрғын үйдің, Маңғыстау ауданы Шетпе селосындағы бес 4 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетің мәлемдемесіне сәйкес, 2015 жылдың ақпанындағы қорытынды бойынша Маңғыстау облысы жаңа үйлерді беру көлемінен – 75,9 мың шаршы метр, өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда 40,6 мың, Қазақстандағы облыстар арасынан үздік атанды.

Ақпан айында Маңғыстау облысы жаңа үйлерді енгізу бойынша Қазақстандағы облыстар арасынан, астаналардың көрсеткіштерінен кейінгі 1-ші орынға ие болды. 75,9 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Негізінен тұрғын үй ғимараттарының басым бөлігін жеке меншік үйлердің құрылыстары құрайды. 422 жеке меншік үйлердің кілттері табысталды.