940

Жергілікті кәсіпорындарды қолдау мақсатында 83 меморандумға қол қойылды - Маңғыстау (ФОТО)

Маңғыстау облысында 2015 жылы жергілікті кәсіпорындарды қолдау мақсатында 312 млрд.теңгені құрайтын 83 меморандумға қол қойылды, деп мәлімдеді облыс әкімі Алик Айдарбаев кеше ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «ҚазАзот» ЖШС-де өткен жиналыста.
Фотография - Жергілікті кәсіпорындарды қолдау мақсатында 83 меморандумға қол қойылды - Маңғыстау (ФОТО)

Маңғыстау облысында 2015 жылы жергілікті кәсіпорындарды қолдау мақсатында 312 млрд.теңгені құрайтын 83 меморандумға қол қойылды, деп мәлімдеді облыс әкімі Алик Айдарбаев кеше ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «ҚазАзот» ЖШС-де өткен жиналыста. 

Жиынға «ММГ» АҚ, «ӨМГ» АҚ, «Ерсай» ЖШС, «Арселор Миттал Ақтау» АҚ, «Қаскор Машзавод» ЖШС, «ПМК» ЖШС сынды бірқатар өндіріс және өнеркәсіп орындарының басшылар, өкілдері қатысты. 

«Отандық тауар өндірушілерді дамыту, олардың қатарын арттыру мақсатында, нақтырақ айтқанда, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында ұлттық компаниялар мен жергілікті кәсіпорындар арасында 312 млрд. теңгені құрайтын 83 меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумдарды орындау үшін 282 млрд. теңгені құрайтын 226 келісім жасалды», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Соның ішінде, Битум зауыты «ҚазАвтоЖол» АҚ және «Казахавтодор» ЖШС-мен жол құрылысына қажет битумды жеткізіп беру бойынша ортақ келісім жасасты.

2 

3 

4 

5 

6 

7  

ҚазАқпарат