848

Tele2 абоненттік базаны рекордтық көрсеткішке дейін ұлғайтты

Дауыстық сервистердің көлемі 2015 жылдың 1 тоқсанында 100%-ға өсті. Сондай-ақ деректер берудің көлемі де өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 152%-ға ұлғая отырып, жақсы өсім көрсетті.
Фотография - Tele2 абоненттік базаны рекордтық көрсеткішке дейін ұлғайтты

2015 жылдың бірінші тоқсанында Tele2 Қазақстан өзінің нарықтағы жайғасымын нығайтуды және абоненттік базасының сапасын арттыруды жалғастырды. Осы кезең бойынша, қызметтерді пайдаланушылардың келген таза көлемі 428 000 абонентті құрай отырып (2014 жылдың осындай кезеңінде 20 000 болатын), жалпы абоненттік базаның 3 700 000 клиентті құрайтын рекордтық көрсеткішіне алғаш рет қол жеткізді (2014 жылдың 1 тоқсанында 2 700 000 болатын). Едәуір өсім, негізінен, дауыстық қызмет пен мобильді Интернетті біріктіретін тиімді тарифтік жоспардың ұсынылуымен түсіндіріледі.

Бәсекелестік күрестің шиеленісуіне қарамастан, жалпы ақшалай түсім 2014 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 15%-ға өсіп, 8 828 150 000 теңгені құрады. Tele2 жаңа пакеттік өнімдерді ойдағыдай енгізе отырып, дауыстық қызмет пен деректер беруді біріктіретін ұсыныстар саласындағы күшейе түскен бәсекелестік ортада баға бойынша көшбасшы жайғасымын сақтап қалды. Бұл – 2014 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда абоненттік ақшалай түсімнің 24%-ға өсуіне жағдай жасады.

Абоненттік базаның жоғары өсімі және осымен байланысты туындаған операциялық шығындар EBITDA көрсеткішіне (салықтарды, пайыздарды және өтемпұлдарды төлегенге дейінгі пайда) әсерін тигізді, оның мөлшері аталған кезеңде 4 000 000 теңгеге жетті (2014 жылдың осындай кезеңінде 15 307 000 теңге болатын). Көрсеткіштің мөлшеріне – операциялық ауқымның ұлғаюы және интерконнект мөлшерлемесінің төмендетілуі ішінара әсерін тигізді.

Дауыстық сервистердің көлемі 2015 жылдың 1 тоқсанында 100%-ға өсті. Сондай-ақ деректер берудің көлемі де өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 152%-ға ұлғая отырып, жақсы өсім көрсетті.

Есепті кезеңде Tele2 географиялық қамту ауқымын кеңейтуді, деректер беру арнасының сыйымдылығын кеңейтуді және абоненттік базаның сапасын жақсартуды жалғастырды.

«Сайып келгенде біз Tele2 компаниясының Қазақстан нарығына кірген сәтінен бастап, соңғы 4 жылда атқарған елеулі жұмысының нәтижелерін көріп отырмыз. Өткен жылы біз алғаш рет бір жыл бойы оң пайдаға шығып, 546 000 абоненттің келуінен таза ағынға қол жеткіздік, ал биылғы жылдың бірінші тоқсанында 428 000 абонентті құрайтын салыстырмалы мөлшерге қол жеткіздік. Біз клиенттердің жоғары қызығушылығын байқап отырмыз және де бұл – біздің нағыз қажет етілген тарифті жасай алғанымыздың айғағы. Сонымен қатар, біз өз үмітімізді «мобильді құлшылықтың» алынып тасталуымен байланыстырамыз, мұндай өзгеріс биылғы жылдың шілде айында орын алады деп күтілуде. Біз бәсекелестерімізбен арадағы алшақтықты қысқарту үшін және үздік мобильді Интернет провайдері ретіндегі жайғасымымызды нығайту үшін инвестициялар салуды жалғастырамыз» - деп түсіндірді Tele2 Қазақстан басқарма төрағасы Пиетари Кивикко.

Компания жұмысының нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты www.tele2.com сайтынан таба аласыз.

Загрузка...