1004

Журналистер Hummer және Cobra броньды техникасын жүргізіп көрді (ФОТО)

Танымал интернет-басылымдардың журналистеріне Қазақстан Армиясының автомобильдерін қозғалу кезінде бағалау, машинаның жүрісін сезіну, тегіс және жолсыз жолда оның қабілеті мен қозғалысын тексеруге ерекше мүмкіндік жасалды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.
Фотография - Журналистер Hummer және Cobra броньды техникасын жүргізіп көрді (ФОТО)

Танымал интернет-басылымдардың журналистеріне Қазақстан Армиясының автомобильдерін қозғалу кезінде бағалау, машинаның жүрісін сезіну, тегіс және жолсыз жолда оның қабілеті мен қозғалысын тексеруге ерекше мүмкіндік жасалды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен. 

Тілшілер броньды техниканың Hummer және Cobra екі моделін тестіледі және олардың беріктік деңгейіне шынайы жағдайда көз жеткізді.

Журналистер әскерилер жаттығып жатқан Астана маңындағы 68665 әскери бөлімінің оқу-жаттығу базасында болды. Тест-драйвты өткізу кезінде автомобильдің техникалық сипаттамаларына ғана емес, отырғызу кезінде және толық жауынгерлік жарақтандыруда экипаж мүшелері өздерін қалай сезінетініне назар аударылды.

Кобра (Cobra) бронетранспортері - «Otocar» түрік компаниясының көп нысаналы жеңіл құрышталған дөңгелекті машинасы. Машинаның қорабы қаңқалы сызба бойынша орындалған. Оған броньдау элементтері, күштік құрылғы және трансмиссия бекітіледі. Броньдау дәрежесі 7,62 мм дейінгі калибрлі атыс қаруының атысы мен жарылғыш құрылғылардың зақымдаушы элементтерінен экипаж бен тасымалданатын жеке құрамды қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл STANAG 4569 топтастырылуы бойынша қорғаудың 1-деңгейіне сәйкес келеді. Машинаның борттары мен корпустың артқы бөлігінде бақылау аспаптары мен атыс саңылауы орналасқан. Ол арқылы десант жеке қаруынан атысты жүргізе алады. Журналистер тестілеуден өткізген екінші броньды техника Hummer экстремальді дөңгелекті броньды транспортер болды. Автомобиль сенімді, жоғары өтімді, төзімді және әмбебап болып табылады. Бұл оны азаматтық секторда да пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде HUMMER - әлемдегі ең үлкен жол таңдамайтын көлік.

2 

3 

4 

5 

6 

7 

8 

9 

10

Загрузка...