705

Астана күні тайқазанға 700 келіден астам ет асылып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілмек

6 шілде күні сағат 12.00 "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығының алдындағы Ғашықтар саябағында 3 жылқының еті асылады.
Фотография - Астана күні тайқазанға 700 келіден астам ет асылып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілмек

6 шілде күні сағат 12.00 "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығының алдындағы Ғашықтар саябағында 3 жылқының еті асылады. Бұл тартуды Астана күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан географиялық қоғамы бірлесіп жасамақ, деп хабарланған Астанадағы мерекелік іс-шаралардың ресми сайтында.

Ол үшін саябаққа арнайы тайқазан орнатылады. Ерекше атау берілген "Тайқазан" акциясын ұйымдастырушылардың мақсаты - қазақтың мейірбандығы мен қонақжайлылығын тағы да бір мәрте таныту, береке мен татулық - елдіктің тұғыры екенін паш ету. 

Шараны ұйымдастырушылар 700 келіден астам жылқы етін асу арқылы Гиннесстің рекордтар кітабына енуді мақсат етіп отыр. Ол үшін Лондоннан Гиннесстің рекордтар кітабы ұйымының бас кеңсесінен арнайы мамандар келеді. Әзірленген еттен 3,5 мыңнан астам адам дәм татып, табақтас бола алады.

 

Загрузка...