Халықаралық жарыста қазақстандық барлаушылар үздік атанды (ФОТО)

Тыныс-тіршілік
1006
«Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Алтын үкі - 2015» арнайы мақсаттағы барлау топтарының сегізінші халықаралық жарысы аяқталды.

«Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Алтын үкі - 2015» арнайы мақсаттағы барлау топтарының сегізінші халықаралық жарысы аяқталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Беларусь, Қытай, Ресей, Америка Құрама Штаттары және Қазақстан елдерінен келген барлаушылар бес күн бойы арнайы мақсаттағы таңдаулы бөлімшелердің іс-қимыл машықтарын көрсетті. Қатысушылар ондаған шақырым жерден өту, күндізгі және түнгі уақытта ауыса отырып қолайсыз жағдайда түрлі нысаналарды ату, медициналық және тау даярлығы, кедергі сызықтарын игеру, 30 шақырымға шеру жасау, шым-шытырық қиылысқан жерлерді бағдарлау, жасанды қопарғыш мина ісі және басқа да арнайы іс-шараларды орындады. Қажырлы және қызу күресте қатысушылар өздерінің әлсіз және пәрменді тұстарын айқындап қана қоймай, сонымен қоса арнайы операцияларды, арнайы мақсаттағы барлау топтарының жауынгерлік әдістемелік даярлығын жүргізуде тәжірибе алмасып, достар тапты. «Менің ойымша біздің топ ең тәжірибелі топ. Олар тұтастай Таяу Шығыстағы және Ауғанстандағы операцияларға қатысты. Біз үшін ең күрделісі тактика болатын. Даярлық бізде мүлде басқаша екен. Дегенмен сайыс мақсаты тәжірибе алмасу болып отыр. Сондықтан да біз бұл жерде көп достар таптық» - деп АҚШ «Жасыл береттер» тобындағы жауынгерлерінің бірі Майкл Браун атап өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігінің басшылығы жеңімпаздарға жүлделер мен сыйлықтар табыс етті. «Алтын үкі - 2015» сайысының алтын кубогын Қазақстандық арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеңіп алды, күміс жүлде - Күн асты елінің жауынгерлеріне бұйырды. Сонымен қатар қытайлық әскери қызметшілер «Үздік мерген жұп» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Үшінші орынды екі топ иеленді, олар - Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасының десантшылары. «Жеңіске деген жігерлігі үшін» грамотасымен жаралы аяғымен соқпақ жолдан өткен белорустық әскери қызметшісі наградталды.  Ал америкалық «Жасыл береттер» тобы «Үздік қопарғыштар» номинациясын жеңіп алып, топ бойынша «Жеңіске деген жігерлігі үшін» грамотасын иеленді. Олар жасанды қопарғыш минаісі және 10 шақырымдық шеру жасау бойынша кезеңдердің бірінде өз шеберліктері мен жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Қатысушылардың көзқарасы бойынша жарыс айтарлықтай күрделі болды. Әр кезең шыдамдылықтың, күштің, топпен сапалы жұмыс жасаудың жоғары деңгейін және әр қатысушының бабындағы даярлығын талап етті. Әр команда үшін ауа райы ерекше маңызды саналды. Қапырық күн және құрғақ климат тіпті ең тәжірибелі және мықты деген арнайы мақсаттағылардың жоспарына бірнеше мәрте кедергі болды.

 

2 3 4 5 6 7 8 9 10 12 13 14 15 16 17 18 19 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить