Жол қозғалысы жас инспекторларының республикалық слеті аяқталды (ФОТО)

Фотография - Жол қозғалысы жас инспекторларының республикалық слеті аяқталды (ФОТО)

Бұндай форумдар Қазақстанда өңірлік жарыстардың жеңімпаз балалардың қатысуымен 2001 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылады.

261 0

Бүгін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бастамасы бойынша «Мерей» балалар демалыс кешенінің базасында ҚР БҒМ, "Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының бірлестігі, Қостанай қаласы ІІД ӘПБ бірлесіп өткізілген Ғ.Байтасов атындағы жол қозғалысы жас инспекторларының 15-ші республикалық слетінің қорытындысы шығарылды.

Слеттің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру және балалардың жо-көлік жарақатының алдын алу мәселелеріне мүдделі ұйымдар, ведомстволар мен қоғамның назарын аудару.

Бұндай форумдар Қазақстанда өңірлік жарыстардың жеңімпаз балалардың қатысуымен 2001 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылады.

Республикалық слеттің байқаулар бағдарламасы он күнге жалғасты. Балалар жол полициясы қызметінің құрылу тарихы бойынша өздерінің білімін, ЖКО кейін тез арада медициналық көмек көрсете білуді және қиылыстарда қозғалыстарды реттеу бойынша біліктіліктерін көрсетті.

Слеттің бағдарламасында 13 аталым бойынша жарыстар қарастырылған болатын: сап қарауы, жас реттеушілер, жол қозғалысы ережесінің білімпаздары,  жас санитарлар, білгірлер турнирі, үгіт бригадаларының байқауы, "Менің жасағым" ән байқауы, жас насихатшылары, жас тілшілер, "Қауіпсіз дөңгелек" велосипедті мәнерлеп жүргізу бойынша жарыс және капитандар байқауы. Бұдан басқа, слет барысында білім және полиция қызметкерлері арасында байқаулар өткізілді.

Ең маңызды байқаулардың бірі  жол қозғалысы ережесін үздік білу жарысы болды. Балаларға 15 минуттың ішінде көлік құралын жүргізу куәлігін алуға арналған сауалдарға жауап берулер қажет. Бірақ бұл жерде де жас инспекторлар мүдірген жоқ.

Сап түзеуді өткізу барысында жас инспекторлар өздерінің дайындығымен жол полицейлерін қуантты: ҚЖИ жасақтары салтанатты формамен сап түзеулерін тіптен ересектер сияқты көрсетті, яғни сап түзепқана қоймай салтанатты маршпен жүре алды. Ал велосипедті мәнерлеп жүргізуден балалар қауіпсіздік ережесінің барлығын сақтай алды.

Ең көрнектісі, үгіт бригадалардың байқауы болды. 5 минуттың ішінде жас инспекторлар ән, би, өздері шығарған өлеңдердің көмегімен  залда отырған әрбір адамға ел азаматтарының басты міндеттерінің бірі - ЖҚЕ білуі қажеттігін түсіндіруге тырысты.

Бұдан басқа слет барысында ҚЖИ мектеп жасағының жұмысын ұйымдастыру бойынша үйрету тренингтері, ЖКО алғашқы медициналық жәрдем көрсету, ал жол полициясы қызметкерлеріне арналған балалар жол-көлік жарақатының алдын алу мәселелері бойынша семинар-мәжіліс және ресейлік әріптестерімен өзара жұмыс тәжірибесін алмасу ұйымдастырылды. 

Аса жоғары өткен бәсекелестіктің нәтижесінде  Алматы облысының ҚЖИ жасағы жол қозғалысы жас инспекторларының 15-ші республикалық слетінің  жеңімпазы атанды. Ал екінші және үшінші орынды Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарының командалары  бөлісті.

null null null null null null null 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!