Павлодарлықтар қаланың 295 жылдығын атап өтті (ФОТО)

Фотография - Павлодарлықтар қаланың 295 жылдығын атап өтті (ФОТО)

Мерекелік шарада ардагерлерге құрмет көрсетіліп, концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ, спорттық шаралар мен түрлі көрмелер ашылды.

230 0

 Павлодарлықтар бүгін қаланың 295 жылдығын атап өтті. Мерекелік шарада ардагерлерге құрмет көрсетіліп, концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ, спорттық шаралар мен түрлі көрмелер ашылды. 

Павлодар қаласының әкімі Болат Бакауов қала тұрғындары мен қонақтарын арнайы құттықтады.   
"Бұл - қаланы өз еңбегімен тұрғызғандардың, сондай-ақ әлі алда осы қала үшін аянбай тер төгетіндердің мерекесі", - деді ол құттықтау сөзінде. 
Дәстүр бойынша, қала күнінде қаланың құрметті азаматы атағы берілді. Бұл жолы мәртебелі атақты бес адам алды.

Олар: журналист Мұхит Омаров, спорт қайраткері Карлен Григорян, ардагер құрылысшы Никалай Ермаков, ақын Арман Қани және облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Валентина Скворцова. 

Бұл күні түрлі мерекелік шаралармен қатар, жеміс-жидек, көкөніс жәрмеңкесі де өтті. Сондай-ақ, суретшілер Павлодарға арнап арнайы көрме ұйымдастырды. Онда балалар қала бейнесіндегі мозайканы құрастырды. 

Алаңда облыс орталығы кәсіпорындарының тауарлары көрсетілді. 
Қазір қалада би кеші өтуде.

null null null null null


Тегтер:

әкім Павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!