Алматы базарларында ағзаға қауіпті қауын-қарбыздар сатылып жатыр

Фотография - Алматы базарларында ағзаға қауіпті қауын-қарбыздар сатылып жатыр

Алматы базарларындағы өнімдер арнайы құралдармен тексерілді. Зерттеу нәтижесі қауын қарбыздың барлығында нитрат мөлшері жоғары деңгейде екенін көрсетті.

203 0

Алматы базарларындағы өнімдер арнайы құралдармен тексерілді. Зерттеу нәтижесі қауын қарбыздың барлығында нитрат мөлшері жоғары деңгейде екенін көрсетті. 

Сырттан ерте жеткізілетін өнімдер арнайы химиялық тыңайтқыштардың күшімен піскен. Сондықтан ағзаға қауіпті.
"Біздің тұтынушыларға айтатынымыз кәдімгі бір жерде. Тұтынушыларға сатып алып жатқанда, хабарланып отырады. Сол кезде біздің тұтынушылар өздеріне ұнамаған. Не болмаса, жарамсыздығын тексергісі келсе, өнімін алып келіп, тексертіп, нәтижесін алу мүмкіндігі бар екендігін айтамыз", - деді Алматы қ. тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бөлімінің бас маманы Әнел Мұсаева.

Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мамандары базарлардағы көкөністерді 3 күн аралығында сараптан өткізген. Осы уақыт аралығында 13 базар мен 6 жәрмеңке тексеріліпті. 640 көкөніс және жеміс-жидектен сынама алынған. Осындай жолмен мамандар алматылықтарды сапасыз өнімдерден қорғамақ.

"Тағам улануынан алдын-алу нитрат мөлшерінің деңгейін анықтау. Яғни, оның мөлшері жоғарылайтын болса, онда тағам улануы байқалады. Жалпы аудан бойынша ондай деректер тіркелген жоқ", - деді Алматы қаласы Алмалы ауданы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Әсем Кезембаева.

Мамандар жедел тексеру шарасын тұрғындардың өтініші бойынша тамызға дейін жалғастырмақ. Мұндай сараптамалық жұмыс базарлар аумағында жүргізіледі. Кейіннен, қауіпті өнім анықталған сауда орны жетекшілігіне бұл жайында хабарланып, шара қолданылады. Ал кәсіпкерлер болса, өз кезегінде осындай шаруалармен келісімін бұзатын көрінеді.

 

 

almaty.tv



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!