Қостанайда әйелдерге қатысты қылмыс 65%-ға азайды

Фотография - Қостанайда әйелдерге қатысты қылмыс 65%-ға азайды

2015 жылдың алты айында Қостанайда әйелдерге қатысты 785 қылмыс орын алған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2 261 қылмысты құраған.

202 0

2015 жылдың алты айында Қостанайда әйелдерге қатысты 785 қылмыс орын алған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2 261 қылмысты құраған. 

Қостанай облысының ІІД хабарлағандай, полицейлердің әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстануының арқасында бұл қылмыстардың саны азайған.

Статистика көрсеткендей, алаяқтық пен ұрлық саны төмендегенімен, зорлық-зомбылық пайызы 6%-ға артқан.

Есепті кезеңде әйелдерге қатысты 5 ауыр қылмыс орын алған, соның ішінде, біреуі кісі өлімімен аяқталған. Барлық қылмыстар отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас барысындағы келіспеушіліктер кезінде туындаған.

Полиция қызметкерлері Әкімшілік кодекстің «Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» 73-бабы бойынша 500-ден астам заң бұзған азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олар бойынша 900-ден астам қорғау ұйғарымы шығарылып, 25 адам жауапқа тартылған.

Қостанай облысы ІІД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Айгүл Бекмағаметованың айтуынша, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

А.Бекмағамбетова қазіргі уақытта әлемнің 125 елінде үйде зорлық көрсеткені үшін жазаны қарастыратын арнайы заңдар қабылданғанын айтты.

«Әлем бойынша 603 млн әйел үйде зорлық көрсету қылмыс болып саналмайтын елде тұрып жатыр. Әлем бойынша әрбір оныншы әйелдің алтауы өмір бойы дене немесе сексуалдық зорлық-зомбылыққа тап болады. 60 млн-нан астам жас қыз кәмелет жасына толмай қалыңдық атанады және 100-140 млн қыз-келіншек жыныс мүшелеріне аса ауыр ота жасатуға мәжбүр болады. 600 мыңнан астам қыздар мен әйелдер көбіне сексуалдық мақсатта пайдалану үшін шет елге сатылып жатады», – деп атап өтті ол.

 

 

BNews.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!