849

Ақтауда шенеунік парамен ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фотография - Ақтауда шенеунік парамен ұсталды

Ақтауда шенеунік парамен ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы бақша өнімдерін сатуға рұқсат беру үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қолға түсті. "Күдікті ұсталған соң он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуальдық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотта қаралып жатыр", – делінген Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

egemen.kz 

Загрузка...