Павлодарда "Қазақша сөйлесейік!" акциясы өтті

Фотография - Павлодарда "Қазақша сөйлесейік!" акциясы өтті

Павлодар қаласында Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясаты мен тіл заңнамасы талаптарын түсіндіру және насихаттау мақсатында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен "Қазақша сөйлесейік!" ауқымды акциясы ұйымдастырылды.

529 0

Осы акцияға "Жас Отан" жастар қанатының белсенділері, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастар бастамасын дамыту орталығының мамандары және "Қазақстан Скауттық қозғалыс ұйымы" облыстық филиалының мүшелері қатысты. Әртүрлі қызмет көрсету салаларында жиі қолданылатын сөз тіркестері жазылған екі мыңнан астам ақпараттық жаднамалар және ҚР "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының талаптары жазылған парақшалар таратылып, халыққа қызмет көрсету мен қоғамдық көлік салалары қамтылды.

baq.kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!