Қызылордада бір ауылда 165 "Батыр ана" тұрады

Фотография - Қызылордада бір ауылда 165 "Батыр ана" тұрады

Қызылорда облысындағы Жақсықылыш елді мекенін Сыр бойылықтар "Батыр аналар" ауылы деп атайды. Мұнда 165 "Батыр ана" тұрады.

522 0

Қызылорда облысындағы Жақсықылыш елді мекенін Сыр бойылықтар "Батыр аналар" ауылы деп атайды. Мұнда 165 "Батыр ана" тұрады. Оның 79-ы алтын, 86-сы күміс алқа иегері. Бұл туралы 24.kz арнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жақсықылыш елді мекені бұрыннан "Аралтұз" комбинатымен елге таныс болатын. Енді алтын құрсақты аналарымен көпке үлгі боларлық, құтты мекенге айналды. Ауылдағы ардақты аналардың бірі – Талайлы Байарыстанова 7 құрсақ көтерген. Барлығын да қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірді. Еңбектен де қол үзген емес. 40 жыл ұстаздық өтілі бар. Қазір де қарап отырған жоқ. Келіндерімен бірге құрақ құрап, көрпе көктеп, жас буынды қолөнерге баулиды. Бейнеттің зейнетін көріп отырған Орал Үмбетқызының да өмір жолы өнегеге толы. Зайыбынан ерте айырылғаннан кейін де жеті баласын жерге қаратпаған жігерлі жан. Бүгінде үлкен әулеттің басындағы берекелі тұрмыстың тірегі де, жүрегі де бір өзі. Бұл ауылдың еңсесін өзгелерден биіктетіп тұрған ардақты аналардың мейрімі мен балалардың бал күлкісі. "Батыр аналар"ауылындағы әр үйде кемінде 5 жеткіншек желкілдеп өсіп келеді.

egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!