ОҚО-да балық өсіруге жеңілдетілген пайызбен несие берілуде

Фотография - ОҚО-да балық өсіруге жеңілдетілген пайызбен несие берілуде

Түлкібастық фермерлер бұлақ бойына бекіре балығын өсіріп, алғашқы өнімдерін алуда, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

241 0

Түлкібастық фермерлер бұлақ бойына бекіре балығын өсіріп, алғашқы өнімдерін алуда, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. 

Бұрындары ащы теңізде өсетін бекіре балығы енді ауасы қоңыржай салқын, тау бөктеріндегі мөлдір таза бастау суында өсуде. Индустриалдық карта аясында осыдан үш жыл бұрын балық шаруашылығын қолға алған бұл кәсіпорында бүгінде 33 тонна форель мен 18 тонна бекіре балығы бар он бассейн жұмыс істейді.

Осы жобаны жүзеге асыру үшін жалпы 452 млн. қаржы жұмсалса, оның төрттен бір бөлігін «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» қаржыландырған. Теңіз балығының көбеюіне барынша жағдай жасаған шаруашылықта суды тазалау, жем салу жұмыстарының барлығы автоматтандырылған жүйемен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар облыста балық шаруашылығын дамытудың 2015-2016 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Осының аясында ауданда 24 бассейні бар қоймалар тұрғызылуда. Аталған жоспар аясында өңірде 27 тауарлы балық шаруашылығы құрылуда.

Осы жобаны жүзеге асыру үшін «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» 400 млн. теңге көлемінде несие бөлуде. Балық өсіремін деп ниет білдірген азаматтарға бес жыл мерзімге жеңілдетілген пайызбен несиелер берілуде. Осылайша, бұрын ауданда өсірілмеген балық шаруашылығының жұмысы жанданып, басқа шаруашылықтарда балық кәсібін дамытуды қолға алуда.

 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

балық өсіру

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!