Шымкентте апта сайын өтетін әлеуметтік жәрмеңке тоқтатылды

Фотография - Шымкентте апта сайын өтетін әлеуметтік жәрмеңке тоқтатылды

Шымкентте апта сайын өтетін әлеуметтік жәрмеңке уақытша тоқтатылды.

404 0

Шымкентте апта сайын өтетін әлеуметтік жәрмеңке уақытша тоқтатылды. Қала әкімі мұның себебін жаз мезгілінде жәрмеңкеде тез бұзылатын өнімдердің сатылуы тұрғындардың денсаулығына қауіп тудыратындығымен түсіндірді.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, қала тұрғындарын тұрақты түрде азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу мақсатында әр аптаның сенбі күні Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың, көтерме фирмалардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтардың қатысуымен тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырылған болатын.

«Алайда жаз мезгілінде жәрмеңкеде тез бұзылатын өнімдердің сатылуы тұрғындардың денсаулығына қауіп тудыратындықтан жәрмеңке қыркүйек айының 30-на дейін уақытша тоқтатылды», - дейді әкім.

Сонымен бірге Дархан Сатыбалды Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры қалыптастырылғанын, жалпы тұрақтандыру қорына бірінші қажетті 8 тауар сатып алынып, қала әкімдігі ұйымдастырған 10 азық-түлік базарындағы әлеуметтік сауда нүктелері арқылы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия бекіткен бағада сатылып жатқанын атап өтті.

 

Bnews.kz сайтынан

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!