Павлодардағы мешіттерде ұрлық тыйылмай тұр

Фотография - Павлодардағы мешіттерде ұрлық тыйылмай тұр

Павлодар қаласындағы мешіттерде соңғы екі айда ұрлау фактілері жиілеп кетті.

254 0

Павлодар қаласындағы мешіттерде соңғы екі айда ұрлау фактілері жиілеп кетті.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Айбек Оралханның хабарлауынша, бүгінде Алла үйіндегі ұрлық оқиғалары таңсық дүние емес.

Жуырда орталық мешітте намаз өткізетін имамның радиомикрофоны жоғалып кетті. Бейнебақылау арқылы затты жап-жас баланың қолды еткені анықталды. Видеоматериал полиция қызметкерлеріне берілді, алайда ұрлықшы табылған жоқ. Ал мешіт жамағатының аяқ киім, күртешелері жиі жоғалып отырады», - дейді А.Оралхан.

Айбек Оралханның сөзінше, жуырда Мәшһүр Жүсіп мешітінің азаншысы Рүстем есімді азаматтың ұялы телефоны жоғалған. Бірнеше күннен соң мешіттің басқа бір қызметкері «Жәрмеңке» сауда орталығында жүргенде, оған ұялы телефон сататын жігіт келіп, әлгі азаншының ұрланған телефонын ұсынған.

«Ұялы телефонды Рүстем 3 000 теңгеге қайта сатып алды. Бұл – Алла разылығы үшін кешірім жасау, мешіт шәкірттеріне өнеге. Діни қызметкерлер ұрлық жасаған азаматтарға көп жағдайда арыз жаза қоймайды. Себебі Алла үйі болғандықтан, қайырымдылық жасап, кешіреміз», - дейді маман.

Айта кетерлігі, Павлодардағы «Ғазиз» мешітінде де біраз күн бұрын бір адамның аяқ киімі мен күртешесі ұрланған. Ал 1 Май көшесіндегі Бижан мешітінде 25 мың теңгелік фотоаппарат жоғалыпты.

 

 

bnews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!