888

Астанада автобус апатынан зардап шеккендер үшін жедел желі ашылды

"Апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін "Еуразия" сақтандыру компаниясы жедел желі ашты.
Фотография - Астанада автобус апатынан зардап шеккендер үшін жедел желі ашылды

"Апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін "Еуразия" сақтандыру компаниясы жедел желі ашты. Барлық зардап шеккендер, оның ішінде медициналық көмектен бас тартқан адамдардан мына: +7 (727) 258 43 36 (ішкі 3133, 3039) телефондары бойынша хабарласуларын сұраймыз", - делінген сақтандыру компаниясының ақпаратында.

Астана қалалық "№1 автобус паркі" АҚ жауапкершілігі міндетті сақтандырудың екі түрі бойынша сақтандырылғаны хабарланады, атап айтқанда, көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, сондай-ақ жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (61 млн теңге жауапкершілік лимитімен). Екі полис бойынша да сақтандырушы "Еуразия" сақтандыру компаниясы болып табылады.

Еске сала кетейік, 19 шілде күні Астанада сол жағалауда №10 маршруттық жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, автобус көшедегі жарық бағанасына соғылған, зардап шеккендер бар.

Автобус Медиаорталықтың қарсы бетінде орналасқан аялдамаға шығып кеткен, содан кейін 100-150 метрдей жүріп, тротуарға шыққанда көше декорациясына соғылған. Жүргізушінің айтуынша, көзі бірден қарауытып кеткен.



2 

3 

4 

5 

6 

7 

8 

9 

10 

11
Загрузка...