Атырауда хакер 2 серіктестіктен 1,8 млн. теңге ұрлаған

Фотография - Атырауда хакер 2 серіктестіктен 1,8 млн. теңге ұрлаған

Атырауда хакер арнайы қауіпті бағдарлама арқылы 2 серіктестіктің банктік есеп-шотынан 1,8 миллион теңгені ұрлаған.

371 0

Атырауда хакер арнайы қауіпті бағдарлама арқылы 2 серіктестіктің банктік есеп-шотынан 1,8 миллион теңгені ұрлаған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Шет елдерде жиі кездесетін хакерлердің ісі Атырауда да байқала бастады. Әзірге аты-жөні белгісіз хакер Атыраудағы екі серіктестіктің есеп-шотынан 1,8 миллион теңгені қолды еткені мәлім болып отыр. Ол екі серіктестіктің есеп-қисап бөліміне вирус-дроппер деп аталатын бағдарлама жіберіпті. Сөйтіп, суық қолды хакер серіктестіктің бірінен 1 миллион 296 мың теңгені, екіншісінен 550 мың теңгені жымқырып кетіпті. Қаржысынан айырылған серіктестік басшылары полицияға шағым түсіріпті. «Екі қылмыс та бірдей нұсқамен жасалған. Қылмыс жасаушылар қос серіктестіктің есеп-қисап бөліміне қауіпті бағдарлама жіберіп, ақпараттық-коммуникациялық желіге кірген. Осылайша, банктік есеп-шоттан белгісіз адамдар есебіне заңсыз қаржы аударған. Мұндай қылмыстарды ашу оңай емес. Сол себептен аталған қылмыстарды ашу үшін алматылық әріптестермен бірлескен іс-шара жүргізілуде», – деді Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова. Атырауда осы тектес қылмыстарды тергеумен криминалды полиция басқармасына қарасты арнаулы топ айналысады. Бұл топ мұнайлы өңірде 2004 жылы құрылған. Ондағы мамандар былтыр Алматы қаласында орын алған осындай қылмысты ашуға Ішкі істер министрлігі тарапынан жасақталған жедел-тергеу тобының құрамында қатысқан болатын.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!