Ғаламторда “халал донор” іздеген әйел жаға ұстатты

Тыныс-тіршілік
1089
Асты да затты да халал дегендер енді ем үшін құйылатын қанға да осындай талап қоя бастапты. Бәз біреулер интернет арқылы спирттік ішімдік ішпеген, тақуа адамның қанын іздеймін деп те хабарландыру жазған.

Асты да затты да халал дегендер енді ем үшін құйылатын қанға да осындай талап қоя бастапты. Бәз біреулер интернет арқылы спирттік ішімдік ішпеген, тақуа адамның қанын іздеймін деп те хабарландыру жазған деп хабарлайды 31.kz.
Оның үстіне ұрлық-қарлық жасамаған адал ниетті донорға зәрумін дейтіндер де көбейген.

Әлеуметтік желідегі күнделікті саяси-әлеуметтік тақырыптағы әртүрлі жазбалар мен үйреншікті сурет жаңартулардың ортасынан Мөлдір Нұрман есімді қолданушының хабарландыруы мазмұны бойынша өзгелерден ерекше болды.

"Қаны халал мұсылманнан донор керек! Халал дегенім алкоголь ішпеген, темекі-наша шекпеген болуы керек! Қан тобы – 1"А"!", – деп жазған Мөлдір Нұрман.

Өзін халалмын деп, қанын ұсынып пікір жазғандар көп болғанымен, белсенді ешқайсысын жаратпады. Өйткені ішімдік ішкен белгісіз біреудің қанын құйсам өмір бойғы адал ниетім бұзылады деп қауіптенсе керек.

"Жоқ, ол соншалықты тақуалыққа әсер етеді деп біздің ғалымдар айтпаған. Бірақ тағы қайталап айтамын, өзі танитын адамнан, өзі адал деп білетін адамнан алған жөн болады", – дейді ҚМДБ пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы.

Халал донор іздеушілердің мұндай жауапқа тағы бір уәжі бар. Олар дәрігерлер алынған қанды басқасымен араластырып жіберуі мүмкін деп қорқады екен. Алайда трансфузиологтар сырттан әкелген кісі тұрмақ, өздерінде тіркелген донорларды да жіті қадағалаймыз дейді.

"4 айдан кейін барлық донорлар қан тапсырған қайтадан тексерістен өтеді. 4 инфекцияға тексереміз. 4 айдан кейін егер нәтижесі теріс болып жатқан жағдайда ғана бұл қан құйылуға барады", – дейді трансфузиолог дәрігер Зәуреш Әлменова.

Соңғы аргумент – ұрлық жасаған, біреуге қиянат жасаған адамдардың қанын құю арқылы өзім де сондай арам пиғылды болып кетемін бе деген қауіп.

Түптеп келгенде, шариғатта кез келген пенденің өмірін сақтап қалу үшін істелген әрекеттің бәрі садақа делінген. Оның ішіне қан беру де кіреді.

Осыны ескерген ғалымдар, уақыт күттірмейтін шұғыл жағдайларда ұлтына, тегіне немесе дініне қарай донор таңдау қисынсыз дейді.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить