Бомба туралы жалған хабарлама таратқан теміртаулық ұсталды

Фотография - Бомба туралы жалған хабарлама таратқан теміртаулық ұсталды

Полиция қызметкерлері жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан Теміртау тұрғынын ұстады.

192 0

Полиция қызметкерлері жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан Теміртау тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Бақытжан Құдияров мәлім етті. 
"21 шілде күні белгісіз біреу 112 нөміріне хабарласып, қаладағы үйлердің біріне жарылғыш қойылғанын айтқан. Оқиға орнына құқық қорғау органдары мен шұғыл әрекет ету қызметтері тартылды. Үйді тексеріп шыққан саперлер ешқандай жарылғыш құрылғыны таппады", - деп мәлімдеді Б.Құдияров. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары жалған хабарлама таратқан Теміртау қаласының 18 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Жігіттің полицияға қоңырау шалған телефоны да тәркіленді.

"Қазіргі таңда ол уақытша қамау абақтысына жабылды, ҚР ҚК 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді полициядағылар. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!