Ақтөбеде адам тонаған полицей жазасын алды

Фотография -  Ақтөбеде адам тонаған полицей жазасын алды

Ақтөбе соты қару кезеніп, адам тонаған полиция қызметкері Қайрат Исламчиннің мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығын шектеді.

292 0

Ақтөбе соты қару кезеніп, адам тонаған полиция қызметкері Қайрат Исламчиннің мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығын шектеді. Оқиға 2015 жылдың 30 сәуірінде болған. Сол күні зауыт полиция бөлімінің учаскелік инспекторы кезекшіліктен кейін досының туған күнін тойлайды. Таңғы сағат 4-тер шамасында мас күйінде көшеге шыққан 25 жастағы полицей қолында қорабы мен сөмкесі бар ақтөбелікті тоқтатады. Таңсәріде жолыққан жігітті полиция қызметкері досының туған күнін бірге атап өтуге шақырады. Кейін сөмкесі мен қорабындағы затты досына сыйға тартуды ұсынады. Алайда, ол үзілді-кесілді бас тартады. Осы кезде полиция қызметкері оның жағасына жармасып, тамағына тапанша төсейді. Жан тәтті емес пе, жігіт қолындағы затын тастай қашуға мәжбүр болады. Тергеу барысында тәртіп сақшысының қылмыс жасаған кезде үстінде қызметтік киімі болғаны анықталды. Сот отырысы барысында полиция қызметкері өз кінәсін толықтай мойындады. Ол зардап шегушіге 133 мың теңге материалдық шығынды қайтарғанын да жеткізді. 30 сәуірден бері қамауда отырған полиция қызметкері сот залынан бостандыққа шықты. Алайда, ол жазасын өтеп біткенше құзырлы органдардың бақылауында болады.

egemen.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!