Алматыдағы селден зардап шеккен әрбір отбасы 200 мың теңгеден өтемақы алады

Фотография - Алматыдағы селден зардап шеккен әрбір отбасы 200 мың теңгеден өтемақы алады

Алматыда селден зардап шеккен тұрғындар материалдық көмек алу үшін әлеуметтік қорғау органдарына жүгіне алады. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Қуанық Қашқымбаев шұғыл штабтың брифингінде мәлімдеді.

201 0

"Ешкімді далада қалдырмаймыз, әрбір зардап шегуші заңға сәйкес 100 АЕК көлемінде материалдық көмек алу үшін әлеуметтік қорғау органдарына жүгіне алады. Қалған материалдық шығындарды су қайтқаннан кейін анықтайтын боламыз. Егер мүлік сақтандырылған болса, мәселемен сақтандыру компаниялары айналысады. Наурызбай ауданына күзет қойылды, мұнда Ұлттық гвардия жүр, мүлікті тонауға жол бермейміз", - деп хабарлады әкім.

 Наурызбай ауданында қазір арнайы штаб құрылып, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарымен және келтірілген шығындарды есептеу жұмыстарымен айналысуда. Эвокуацияланған адамдар саны 900-ге таяу. Жарақат алғандар мен құрбандар жоқ.