Балалар Голливудтық "Человек-муравей" кинофильмін тамашалады

Фотография - Балалар Голливудтық "Человек-муравей" кинофильмін тамашалады

Алмалы ауданы әкімінің аппараты ауданда тұратын бүлдіршіндер үшін "Silk Way City" кинотеатрында атақты "Человек-муравей" кинофильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

163 0

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы және "Біздің жазғы эстафета" акциясы аясында балалар мен          жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, жазғы демалысты тиімді пайдалану, мәдениет сезімді арттыру мақсатында Алмалы ауданы әкімінің аппараты ауданда тұратын бүлдіршіндер  үшін  "Silk Way City" кинотеатрында атақты "Человек-муравей" кинофильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.   
Кинофильмнің сюжеті Скотт Лэнг атты ұсақ алаяқтың жоғары технологиялы костюмінің айналасында өрбиді. Бұл киімді кигенде  дене көлемінің қатты кішірейіп кететініне қарамастан, адамның күш-қуаты бойында сақталынады. Осы тылсым қасиетке ие костюмді ойлап шығарушы  дарынды өнертапқыш Хэнк Пиманың басшылығымен, Скот өзінің ішкі батылдығы мен қайсарлығының ашылуына жол беріп, нағыз қаһарман ретінде көрініп, әлемді келе жатқан қатерден құтқару жолында ержүректілік таныту керек. Хэнк пен Скот ... енді күллі адамзаттың тағдыры шешілетін ең ірі ғасырлық тонауды жоспарлау және өткізу шарасын жүзеге асырулары тиіс...

Ауданның балаларына арналған осындай іс-шаралар бүкіл жаз бойы аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылады. Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер мен балалар ауданның және  қаламыздың кинотеатрларының қызықты жаңа көрсетілмдерін тамашалап, түрлі көптеген спорттық, мәдени іс-шараларға қатысуға шақырылады.  
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, "Нұр Отан" партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы, Алматы қ. Ішкі істер департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы,  Алматы қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ, "Silk Way City" кинотеатры.