Kcell компаниясы Алматыдағы селге қатысты ТЖД смс-ін не үшін таратпағанын түсіндірді

Фотография - Kcell компаниясы Алматыдағы селге қатысты ТЖД смс-ін не үшін таратпағанын түсіндірді

"Кселл" АҚ корпоративтік коммуникациялар бөлімінің бастығы Наталья Еськова Алматыдағы селге байланысты смс жіберу туралы ресми түсініктеме берді.

282 0

"Кселл" АҚ корпоративтік коммуникациялар бөлімінің бастығы Наталья Еськова Алматыдағы селге байланысты смс жіберу туралы ресми түсініктеме берді, деп хабарлады 24.kz. 

"Біз ТЖК келген хабарламаларды абоненттерге әрқашан тегін жібереміз. Байланыс операторлары мен ҚР ТЖМ арасында жасалған бірегей шартқа сәйкес, төтенше жағдай кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғаны туралы ақпараты бар смс-хабарламалары ғана абоненттерге жіберілуі тиіс. Келіссөз бойынша үлгіге сай келмейтін хабарламаларды жіберуге болмайды. Алматы ТЖД келген смс мәтіндері қалыпты үлгі мен мазмұнға сәйкес келмегендіктен, біз бекітілген құжатқа сәйкес әрекет етіп, оны абоненттерге таратқан жоқпыз. Қазір "Кселл" компаниясы ТЖК-не шартқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындауда", делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімінің орынбасары Сергей Куянов селдің алдын алу үшін "Операторлар тегін хабарлама таратудан бас тартты", – деп айтқан болатын. 


Тегтер:

Алматы Kcell сел

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!