Павлодарда мүгедек балаларға мерзімі өтіп кеткен дәрілер берілген

Фотография - Павлодарда мүгедек балаларға мерзімі өтіп кеткен дәрілер берілген

Павлодар облысында мүгедек балалардың құқығы тапталған.

400 0

Павлодар облысында мүгедек балалардың құқығы тапталған.

 Прокурорлар интернат түріндегі мекемелерді тексеріп, онда бүлдіршіндерге мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер беріліп келгенін анықтады. Бұл аздай, ас мәзірінің де сапасы сын көтермейді. Интернат балалары сапасыз тағамдарды тұтынып, көкөніс, жеміс жидектен қағылып келген. Бақылаушы орган 20-дан астам заңбұзушылықты анықтады. 10 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тағы 20 шенеунікке айыппұл салынды.

Айымгүл Ермұратова, облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы:

- Көз жанары нашар көретін балаларға арналған №82 мамандандырылған балабақшада 70-80 жылдары шыққан медициналық жабдықтар осы күнге дейін қолданылып келген. Есту қабілеті төмен балалар баратын облыстық мектеп-интернатында балалар қауіпсіздігі сақталмаған. Онда слесарлық станоктар орнатылыпты. Ал №1 мектеп-интернатында балаларға көкөніс, сүт –айран, балық белгілі мөлшерден екі есе аз берілген.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!