ОҚО-ның Түлкібас ауданында түйеқұс өсірілуде

Фотография - ОҚО-ның Түлкібас ауданында түйеқұс өсірілуде

Тропикалық аймақта өсетін түйеқұстар тау бөктерінде орналасқан Түлкібас ауданында өсіріле бастады

140 0

Тропикалық аймақта өсетін түйеқұстар тау бөктерінде орналасқан Түлкібас ауданында өсіріле бастады. Африка құрлығынан өрбитін түйеқұсты ауданға "Нұрлыхан" шаруашылығы алып келді

Кәсіпкер өнімі жақсы сұранысқа ие түйеқұстың бес жұбын Алматы қаласындағы шаруашылықтан сатып алған. Қалдықсыз өнім шығаратын бұл түйеқұстардың бойы 2-3 метр келеді. Ал, аталығының еті 100-150 килограммға дейін жетсе, оның терісінің беріктігі піл мен қолтырауынның терілеріне пара-пар келеді. Оны аяқкиімдерді қаптауға, басқа да сәндік бұйымдарды жасауға пайдаланады. Және де, сағатына 60-70 шақырымды жүгіріп өтетін түйеқұс құс атаулының ішіндегі ең жылдамы. Еті ем ретінде пайдалы, әсіресе, қан қысымы және қант диабетімен ауыратындар үшін мың да бір ем. Сондықтан, түйеқұсқа қызығушылық уақыт өткен сайын артуда деген кәсіпкер алдағы уақытта түйеқұстар әкеліп шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, «Нұрлыхан» шаруашылығы алма бауы мен балық шаруашылығын дамытып, алдағы күні сиыр тұқымдас қодас жануарын бағуды көздеп отыр, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 

BNews.kz. сайтынан

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!