Теміртау тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған топ құрықталды

Фотография - Теміртау тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған топ құрықталды

Теміртауда қарақшылық шабуыл жасап, оқиға орнынан автокөлікпен қашып кеткен күдікті азаматтар "Ізін сутпай" қолға түсірілді.

237 0

Теміртауда қарақшылық шабуыл жасап, оқиға орнынан автокөлікпен қашып кеткен күдікті азаматтар "Ізін сутпай" қолға түсірілді, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
"21 шілде күні Теміртау қалалық ІІБ жол патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қарақшылық шабуыл фактісі бойынша бағыттама алған. Мысты өңірдің тұрғыны, жәбірленуші жас жігіт оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына қаладағы дүкендердің бірінің маңында бір топ белгісіз жас жігіттер пышақпен қорқытып, қалтасындағы соңғы ақшасын тартып алып, оқиға орнынан "Мерседес Бенц" автокөлігімен қашып кеткендігін айтқан. Жас жігіт полиция қызметкерлеріне өзіне жабуыл жасаған азаматтар туралы толық ақпарат беріп, қашып кеткен автокөліктің мемлекеттік нөмірімен көліктің түсін айтып берген", делінген хзабарламада.

Бағдарда берілген автокөлік Дмитров көшесінде байқалған. Полиция қызметкерлері мінген автокөлікті көрген "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі олардан ізін сутпақ болған. Дегенмен тәртіп сақшыларының сауатты жұмыстарының арқасында автокөлік қолға түсті. Қолға түскен автокөліктің ішінде бес қала тұрғыны болған. Оларды жәбірленуші таныды. 

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде. Олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұсталғандар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!