Алматы облысында үш баласы тастап кеткен қария көз жұмды

Фотография - Алматы облысында үш баласы тастап кеткен қария көз жұмды

Алматы облысында адам төзгісіз жағдайда жалғыз қалған 70 жастағы Тұрсын Тоқтарбаев ақыры қыздарын көре алмай көз жұмды.

254 0

Алматы облысында адам төзгісіз жағдайда жалғыз қалған 70 жастағы Тұрсын Тоқтарбаев ақыры қыздарын көре алмай көз жұмды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Оның туысқандары зейнеткердің жерлеуіне бір-ақ келген. Жер қойнауына тапсырылған қарияның ендігі мүлкіне талас басталды. Тұрсын Тоқтарбаевтың қазасы туралы бірінші болып көршілері естіді.

Бірнеше күн бұрын ғана тамақ пен су әкеліп, жедел жәрдем шақыртқан тұрғындар зейнеткердің жан тәсілім еткеніне сене алмай отыр.

Көршілері ем алғаннан кейін қария оңалып, үйіне оралады деп сенген. Алайда қария көз жұмып, оның мүлкіне таласушылар да табылған.

Бізде, мұсылмандарда бұлай болғаны дұрыс емес. Жоқ дегенде қой сою керек болатын
"Олар бізді жердің бір бөлігіне таласып отыр деп айыптайды. Біз бөтеннің жерін қайтеміз, біз тек туыстарының қасында болғанын қаладық. Олар тіпті жылаған жоқ. Қанша дегенмен әкенің аты әке! Бұлай істеуге болмайды! Мен қарияны аяймын, ол мұндай өлімге лайық емес еді. Бізде, мұсылмандарда бұлай болғаны дұрыс емес. Жоқ дегенде қой сойылуы керек болатын… Олар кедей емес, жағдайлары көтереді. Мен таң болдым. Жаным ашиды", – дейді Ұзынағаш тұрғыны Нағима Басжанова.

"Ол бүкіл Қазақстанды шулатып кетті. Кіші қызын тура көшеде соққыға жыққанда, көршілері араша түскен болатын. Басын қақпаға ұрып жатқан еді. Базарда талайды жылатқан", – дейді келесі тұрғын Рита Үкімбаева.

Тұрсын Тоқтарбаевтың үйінде қазір тыныштық пен тазалық орнаған. Барлық керексіз заттар өртеліп, жиналған үйден тек өлімнің иісі кетпей тұрғандай. Адам төзгісіз жағдайда көз жұмған қарияның үйін енді туыстары сатып жібермек ниетте. Алайда бұл оңайға соқпайтын болып шықты.

"Егер сататын болса, мен сотқа беремін. Менде қазір 2800, тіпті әжетхана орнатар жер жоқ. Сол себепті егер сатып жатса, қарсылық білдіремін деп шештім. 3 метр жердің өзі маған маңызды болып отыр", – дейді қыстақ тұрғыны Қанатгүл Нұрманатова.

Қарияны мұсылмандарша қыстақ зиратындағы жер қойнауына тапсырды. Көршілері туысқандарының зиратқа ескерткіш пен қоршау қоятынын айтып отыр.

"Қашан да шындықты айту керек. Оның қыздары осында болып, өкініштерін жасырмады. Олар оны ұзақ көрмеді. Оған жазықты да емес. Оның үйі бұрынғы әйелінің атына жазылған. Екеуі ажырасқаннан кейін зейнеткерге үйінде қалуына ешкім қарсы болмады. Мен адамдарға бұл мәселені талқылай бермеуге кеңес беремін", – дейді тұрғын Жанжарық Кеңесары.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының зейнеткері ауыр сырқат болғанына қарамастан жалғыздықта тіршілік етіп жатқаны туралы хабарланған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!