Сел көшкінін кейнгі Алматыдағы өмір көріністері (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Фотография - Сел көшкінін кейнгі Алматыдағы өмір көріністері (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Алматының Наурызбай ауданында болған сел тазалануда. Сел салдарынан жапа шеккен ауыл тұрғындарынаың өмірі жайлы арнайы today.kz тілшілерінің фоторепортажы.

901 0

Алматының Наурызбай ауданында селдің салдарын жоюда. Селден жапа шеккен ауыл тұрғындарынаың өмірі жайлы арнайы today.kz тілшілерінің фоторепортажы. 


Ең көп жапа шеккен Қарағайлы ықшам ауданы. Оның ішінде Қарағалы өзенінің маңында орналасқан үйлер қатты зақымданған. Бұл жақта су тасқыны, лай және тастар үйлердің аулаларына дейін кірген.

Ауданды тазалау жұмыстарына тұрғындар да қол қусырып отырмай, белсене араласуда. Шамалары келгенше аулаларын лай мен тастардан тазалауда. Дегенмен де кейбір жерлерде лайдың үйінділері белден жоғары, сондықтан да тұрғындар техниканың көмегіне сүйенуде.

Татьяна Милютина немересімен бірге бұл түнді көшеде түнеп шыққан. Үкіметтің селдің қайталанбайтынын айтқанымен де, бұл отбасы сыртта болғанды жөн көрген, ұрлық-қарлықтан аман болу үшін үйлерінің жанында түнеген. "Түнгі бірден бастап, төбешікте отырдық. Кеше морадерлер жүр деген сөздер болды. Тауда бұлт жиналып жатқан. Немереміз екеуіміз қалыңырақ киініп алдық. Барлық құжаттарымызды жинап алдым. Таңғы алтылар шамасында төбешіктен түстік. Қазіргі уақытта не газ, не жарық, не су – ештеме жоқ", - дейді зейнеткер.

Ауылда қазіргі кезде газда жоқ, жарықта жоқ, және де суда жоқ. Жергілікті тұрғындар тамақ жасау үшін газ балонын сатып алуда. Кейбіреулер отбасын туыстарына жіберген. Ауданға суды арнайы машиналармен алып келуде.
Абдуазиза Курдаеваның отбасы бұрыннан осы жерде тұрып келеді. Мұнда оның әкесі мен атасы дүниеге келген. Тас аралас лай қақпаны жұлып өтіп, айла мен бақшаны шайып өткен. Оның ойынша, өзен мұндай ағынды көтере алмай жағаға шығып кеткен. "1952 жылы су тасқыны болған, сол кезден бастап өзеннің тереңдігі біршама ұлғайған. Енді міне өзеннің аумағын тарылтып, жағажайды көркейткен болатын. Торды жұлып әкетті, ана жерде жатыр", - дейді Абдуазиз.
 

 

  

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде, шамамен түнгі екілерде Наурызбай ауданында екі сағатқа созылған сел жүрді.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел тасқынының орын алуына Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішінде мореналық көлшіктің суының көтерілуі себеп болған.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!