Алматыда селден зардап шеккен тұрғындарға барлық салада көмек көрсетілуде (фото)

Фотография - Алматыда селден зардап шеккен тұрғындарға барлық салада көмек көрсетілуде (фото)

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы Надыров көшесінің бойында тамақтану орталығымен, және де зардап шеккендерге арналған жәрдем жинау пункті ашылды.

370 0

Алматыда болған сел салдарынан жап шеккен тұрғындарға барлық салада көмек көрсетілуде, деп хабарлайды Today.kz.

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы Надыров көшесінің бойында тамақтану орталығымен, және де зардап шеккендерге  арналған жәрдем жинау пункті ашылды. Жарықсыз, газсыз қалған тұрғындарға ыстық тамақ пенсу және де азық-түлік таратылуда. Жәрдемдесуге қол ұшын тигізушілердің арасында ТОО "Алма-ЦЕС "  (Цесна) компаниясы 500 килограмм макарон, 50 литр күнбағыс майы, 83 құты көкөніс икрасы және де басқада азық түлік алып келген. 

 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-консультанты Марины Арысбаева: "Қала тұрғындары мен кәсіпкерлер азық түліктен бөлек жеке тазалық құралдарын, көрпе және де жылы киімдерді кешеден бері алып келуде" – дейді.

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайбергеннің айтуынша, жапа шеккендерге көмектесу мақсатында банктен есепшот ашылған қазіргі уақытта бір милионнан аса ақша жиналған.

 

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде, шамамен түнгі екілерде Наурызбай ауданында екі сағатқа созылған сел жүрді.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел тасқынының орын алуына Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішінде мореналық көлшіктің суының көтерілуі себеп болған.

Қарғалы өзені бөгеті маңынан 898 жергілікті тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Орын алған жағдайды жіті бақылау үшін әуеден бақылау жалғасуда. Қалпына келтіру, тазарту жұмыстары да жүзеге асып жатыр.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!