Алматыда сел жүруге байланысты ашылған "жедел желі" телефондарына 1800 қоңырау түсті

Фотография - Алматыда сел жүруге байланысты ашылған "жедел желі" телефондарына 1800 қоңырау түсті

197 0

ТЖ комитеті Алматы қ. сел жүруге байланысты халыққа шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету үшін ҚО ІІМ ТЖК Дағдарысты басқару орталығында және Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаментінде (8 727-274-22-19)  "жедел желі" телефондарын (Астана  қ. - 53-32-79, 32-32-89) ашты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Жедел желі" телефондарында жұмыс істеу үшін психологтар мен Алматы қ. ТЖ департаментінің медицина қызметкерлері, өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі, Орталық өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы, Апат медицина орталығы жұмылдырылды. Тәулік бойы «жедел желі» бойынша халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстары және психологиялық көмек көрсетілуде.

Қазір желіге 1800 қоңырау түсті, оның ішінде: 23 шілде - 1492  қоңырау; 24 шілде - 308 қоңырау.

Көпшілігі сел жағдайының одан әрі дамуы туралы, ТЖ жою, зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету жайында сұрақтар қойды.  

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде, шамамен түнгі екілерде Наурызбай ауданында екі сағатқа созылған сел жүрді.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел тасқынының орын алуына Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішінде мореналық көлшіктің суының көтерілуі себеп болған.

Қарғалы өзені бөгеті маңынан 898 жергілікті тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Орын алған жағдайды жіті бақылау үшін әуеден бақылау жалғасуда. Қалпына келтіру, тазарту жұмыстары да жүзеге асып жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!