"Астана" әуежайының қызметкері Геннадий Головкинмен жанжалдасты

Фотография - "Астана" әуежайының қызметкері Геннадий Головкинмен жанжалдасты

Геннадий Головкин отбасымен Отанына ұшып келді. Чемпион өткен жылғы қарашадан бастап Қазақстанда болмаған, Қарағандыға туыстарына келген

374 0

 Геннадий Головкин отбасымен Отанына ұшып келді. Чемпион өткен жылғы қарашадан бастап Қазақстанда болмаған, Қарағандыға туыстарына келген, деп хабарлады ВКонтакте әлеуметтік желісінде боксшының ресми тобы.

Алайда, халықтың сүйікті спортшысының келгеніне қуанбайтындар да бар екен.

"Астана" халықаралық әуежайының қызметкері Геннадий Головкинді VIP-зал арқылы өткізбей, жолаушылар мен Геннадийді күтіп алушылардың алдында жанжал шығарған. Ол  "Геннадий ақша төлемей зал арқылы өтуге құқығы жоқ, себебі ол шенеунік, не шенеунік отбасынан емес" деген. Бұл Қазақстанның беделін шетелде көтеріп жүрген Головкиннің айналасындағы адамдардың наразылығын тудырған.

Содан кейін қызметкерлердің өзі GGG-мен VIP-залда фотосессия ұйымдастырған, деп жазады  sports.kz.

Қарсы алушыларға төлем төлеу үшін кассаға өтуге тыйым салған, ақыры сол қызметкердің өзі олардың ақысын өзі барып төлеген.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!